Проблемаларды ұйымшылдықпен шешуге болады

Волкан Бозкыр БҰҰ Бас ассамблеясының жабылу салтанатында сөз сөйледі.

1499920
Проблемаларды ұйымшылдықпен шешуге болады

БҰҰ 75-ші Бас ассамблея төрағасы Волкан Бозкыр коронавирус эпидемиясы және адам баласына қарсы ең үлкен қауіп «климат өзгерісі» секілді жаһандық проблемалардің ұйымшылдық және жан жақты бір жүйе арқылы шешілетінін айтты.

Бозкыр биыл коронавирус пандемиясы салдарынан виртуалды түрде өткен БҰҰ 75-ші Бас Ассамблеясы сессияларының жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде биыл әлем лидерлерінің бірінші рет Бас Ассамблея залына келе алмағанын,  алайда бұл жағдайдың көп жақсы дипломатияны жоғары деңгейде жүзеге асыруға кедергі болмағанын білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлестіру күшінің басқа ешбір халықаралық платформада болмағанын айтқан Волкан Бозкыр: «Басқа ешбір ұйым жаһандық проблемаларға шешім келтіру тақырыбында Біріккен Ұлттар Ұйымының күшімен жарыса алмайды» деді. Ол бір жақты істердің эпидемияның таралуының алдын алуда сәтсіз болғанын айтты. Бозкыр эпидемия және адам баласына қарсы ең үлкен қауіп болып саналатын климат өзгерісі секілді проблемаларды ұйымшылдықпен шешуге болатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар