Батыста коронавирус

Трамп 150 миллион тест тарататындарын айтты.

1499149
Батыста коронавирус

Коронавирусқа байланысты қайтыс болғандардың саны әлем бойынша бір миллион 6 мың 460 болды.  Расталған оқиға саны 33 миллион 556 мың 260-тан асты. Ал айығып кеткен адам саны болса 24 миллион 881 мың 250-ге жетті.

Эпидемияның ошағы Америка Құрама Штаттарында ковид-19-дан қайтыс болғандардың саны 209 мың 808 болды. Елде қазірге дейін  7 миллион 361 мың 611 адам вирус жұқтырды. Президент Дональд Трамп эпидемиямен күрес шеңберінде 15 минутта нәтиже көрсететін 150 миллион тесттің штаттарда қарттар үйлері секілді вирусқа қарсы қорғансыз халыққа таратылатынын хабарлады. Трамп вакцина жұмыстарының жылдам жүріп жатқанын айтып: «АҚШ Азық-түлік және дәрі департаменті бір вакцинаға рұқсат берер берместен біз сол вакцинаның 100 миллиондаған дозасын 24 сағатта таратамыз» деді.  Денсаулық сақтау министрінің орынбасары болса штаттарға берілетін 100 миллион тесттің бүгін таратыла бастайтынын және бір аптада 6,5 миллион тесттің межесіне  жететінін айтты.

Коронавирус эпидемиясынан ең көп зиян шеккен екінші ел Бразилияда вируст себебімен соңғы 24 сағатта 317 адам қайтыс болып,  өлім-жітім 142 мың 58-ге жетті.  Елде расталған оқиға саны да 13 мың 155 артып,  4 миллион 745 мың 464-ке жетті.

Эпидемия кезінде Еуропада ең көп өлім-жітім тіркелген ел Ұлыбританияда вирустан қайтыс болғандардың саны 42 мың 1 болды. Елде 439 мың 13 адам вирус жұқтырған.

Францияда соңғы бір тәулікте 81 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 31 мың 808-ге жетті.  Вирус жұқтырғандар саны 4 мың 70 артып,  542 мың 639-ға жетті.

Испанияда коронавирустан бір аптада 359 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың барлық саны 31 мың 411-ге жетті. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы үш күнде 31 мың 785 оқиға тіркелгенін,  вирус жұқтырғандардың санының 748 мың 266-ға жеткенін хабарлады.

Португалияда Денсаулық сақтау министрлігі соңғы бір тәулікте төрт адамның қайтыс болғанын, 425 жаңа науқас тіркелгенін білдірді.  Елде  өлім-жітім 1957-ге, науқас саны 74 мың 29-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар