Ливия Ішкі істер министрі неміс өкілетті елшісімен бас қосты

Кездесуде орыс ақылы әскерлердің шекарадан шығарылуы мәселесін қолға алды.

1495100
Ливия Ішкі істер министрі неміс өкілетті елшісімен бас қосты

Ливия Ішкі істер министрі Фетхи Башаға Германияның Ливиядағы өкілетті елшісі Оливер Овкзамен орыс ақылы әскерлерінің шекарадан шығарылуы мәселесін қолға алды.

Фетхи Башаға Твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеде «Неміс өкілетті елшісімен бүгінгі әңгіме барысында қауіпсіздік және саяси шешім тақырыптарымен тұтас және тұрақты Ливия үшін орыс ақылы әскерлерінің шекарадан шығарылу керектігін қолға алдық» деді.

Неміс өкілетті елшісі де Твиттерден жасаған мәлімдемеде кездесу барысында Башағаның әсіресе Ливияның бірлігі мен қауіпсіздігі тақырыбына назар аударуына риза екенін атап көрсетті.

Өкілетті елші Башаға мен ұлттық және халықаралық барлық талпыныстардың Біріккен Ұлттар Ұйымы басшылығында табысты бір Ливия саяси келіссөзіне бағытталу керектігі тақырыбында ортақ көзқараста екендерін білдірді.

Аталмыш орыс ақылы әскерлерінің елдің шығысындағы көтерілісшіл басшы Халифа Хафтарға қолдау бергені алға тартылуда.

Германияның бас қаласы Берлинде Ливияда тұрақты атысты тоқтату және саяси кезеңнің басталуы мақсатты 2020 жылы 19 қаңтар күні бір конференция ұйымдастырылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар