Ливия жаңа армия құрады

Ливия Қорғаныс министрі Салахаддин эн-Немруш мәлімдеме жасады.

1494288
Ливия жаңа армия құрады

Ливия Қорғаныс министрі Салахаддин эн-Немруш Түркияның қолдауымен армияны қайтадан құру және дамытуға бағытталған бағдарламаны іске қосқандарын жариялады.

Немруш «Фейсбук» парақшасынан жасаған мәлімдемеде Ливия Қорғаныс министрлігінің үкіметке қолдау берген Түркия делегациясымен келіссөздерді бастағанын және байланыстардың жалғасқанын атап, «Түрік тарапымен бірге қарулы күштерді қайтадан құру, әуе қорғаныс, әскери флот, террормен күрес және арнайы күштерді жетілдіру бағдарламаларын іске қостық» деді.

Бұл тұрғыдан алғаш оқу-жаттығу орталығының бас қала Триполидің батысында дайындалғанын жеткізген Немруш алдынғы міндеттерінің халықаралық стандарттарға сәйкес бір армия құру екенін білдірді.

Ливия Қорғаныс министрі Немруш 17 тамыз күні жасаған мәлімдемеде оқу және кеңес салаларынан басқа әскери мекемелерді құру үшін Ливияға қолдау беру тақырыбында Түркия және Катар Қорғаныс министрлерімен келіскендерін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар