Нарышкин Беларусьтағы протестерде АҚШ-тың қатысы бар екенін алға тартты

Сергей Нарышкин Беларусьтағы протестерді қаржыландыру үшін 20 миллион доллар жібергенін мәлімдеді.

1491937
Нарышкин Беларусьтағы протестерде АҚШ-тың қатысы бар екенін алға тартты

Ресей Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин АҚШ-тың Азаматтық қоғам мекемелері арқылы Белоруссиядағы үкіметке қарсы акцияларды ұйымдастыруға 20 миллион доллар жібергенін алға тартты.

Нарышкин жасаған мәлімдемеде Беларусьтағы президенттік сайлаудың қорытындысына бағытталған протестерде «Батыстың ізі» бар екенін айтты.

Наразылық акцияларының басынан бастап шетелден жақсы ұйымдастырылғанын айтқан Нарышкин «Батыс елдерінің наразылық акциясын сайлаудан әлде қайда бұрын дайындағаны назар аударады. АҚШ тек қана 2019 және 2020 жылы басында әртүрлі азаматтық қоғамдар арқылы үкіметке қарсы протестердің ұйымдастырылуы үшін Беларусьта 20 миллион доллар жіберді» деді.

Бұл ақшалардың «тәуелсіз блог авторларының» дайындалуы, әлеуметтік медиада ақпарат тарату мақсатты жасанды парақшалар ашу және шерушілердің көшелердегі протестерін ұйымдастыру үшін қолданылғанын атап көрсеткен Нарышкин Польша, Литва және Украинада АҚШ-тық мамандардың кейбір адамдарды протестер тақырыбында жаттықтырғанын алға тартты.

Нарышкин АҚШ-тың Беларусьта «түрлі-түсті төңкеріс» және «Атазаңға қарама-қайшы төңкеріс» ұйымдастыруды жоспарлағанын алға тартып, «Америка Құрама Штаттары «халықтың басшылары» және «болашақтың басшылары» деген атпен бұрынғы Беларусь президенттік сайлау үміткері Светлана Тихановская мен басқа да оппозициялық басшыларды қамқоршылығына алды» деді.

Беларусьта 9 тамыз күні болып өткен президенттік сайлауда қазіргі президент Александр Лукашенконың жеңіске жетуінің артынан сайлауда заңсыздық жасалғаны қауесетімен протестер жасалған болатын. Шерушілер жаңа сайлауға қоса елде атазаңға өзгеріс енгізуді де талап ететін.



Ұқсас жаңалықтар