Коронавируста соңғы жағдай

Вирус салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 933 мың 670-тен асты.

1490717
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 933 мың 670-тен асты. Расталған оқиға саны 29 миллион 484 мың, жазылып кеткендердің саны 21 миллион 311 мыңға жетті.

Бразилияда вирустан қайтыс болғандар саны 132 мың 117, оқиға саны 4 миллион 349 мың болды. 

Мексикада соңғы бір күнде ковидтен көз жұмған 228 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 71 мың 49-ға, вирус жұқтырғандар саны да 3 мың 335-ке көбейіп, 671 мың 716-ға жетті. 

АҚШ-та Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 199 мыңға өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны 6 миллион 749 мың болып тіркелді. 

Эпидемияның Еуропадағы ошағы болып табылған Ұлыбританияда 41 мың 637 адам ковид-19 себепті қаза тапты. Елде 371 мың 175 адам вирус жұқтырды. 

Францияда эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 30 мың 950, оқиға саны 387 мың 252 болды. 

35 мың 624 адам қайтыс болған Италияда эпидемия басталған күннен бері вирус жұқтырғандар саны 288 мың 761-ге өсті. 

Испанияда соңғы 1 тәулікте ковид-19 салдарынан қайтыс болған 207 адамды қосқанда, өлім-жітім 29 мың 848-ге өсті. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы 3 күнде 27 мың 404 жаңа оқиға тіркелгенін, инфекцияны жұқтырғандар санының 593 мың 730-ға көбейгенін атап көрсетті. Басқа жағынан Cadena Ser радиосы өткен апта елдегі көптеген мектепте оқу жылының басталғанын, алайда алғашқы апта кем дегенде 137 мектепте ковид-19 вирусы анықталғанын хабарлады. 

Португалия Денсаулық сақтау министрлігі ковид-19 салдарынан соңғы 24 сағатта 4 адамның көз жұмғанын және 613 жаңа оқиға тіркелгенін жариялады. Елде өлім-жітім мың 871-ге, расталған оқиға саны 64 мың 596-ға жетті. Премьер-министр Антонио Коста бүгіннен бастап, ел көлемінде 10-нан астам адамның бір жерге жиналуына тыйым салынғанын, сауда орталықтары мен дүкендерді ашылу-жабылу уақыттары мен алкоголь саудасы, асханалар мен кафелердегі адам санының шектелгенін жариялады. 

Австралияда шілде айының 13-інен бергі алғаш рет вирус себепті өлім тіркелмеді, Виктория штатында 42, Жаңа Оңтүстік Уэльсте 7, Квинслендте тағы бір адаминфекция жұқтырды. 

Ковид-19 салдарынан Перуде 30812, Колумбияда 23313, Чилиде 1213, Аргентинада11667 және Эквадорда 10922 адам қайтыс болды. 



Ұқсас жаңалықтар