Конгодағы шахта апатында 50 кенші қаза тапты

Камитуга мэрі Александр Бундя қираған шахтада әлі кеншілер болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

1490869
Конгодағы шахта апатында 50 кенші қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасының Оңтүстік Киву уәлаятында алтын шығарылған бір шахтада болған апатта кем дегенде 50 адам қаза тапты.

Губернатор Тео Нгвабидже Каси баспасөзге апаттың Камитуга аймағындағы шахтада болғанын жариялады.

Аймақта бір аптадан бері нөсер жауының апатқа себеп болғанын атап көрсеткен уәлаят губернаторы екі күндік аза жарияланғанын хабарлады.

Камитуга мэрі Александр Бундя қираған шахтада әлі кеншілер болуы мүмкін екенін мәлімдеді және жергілікті тұрғындарды іздеу құтқару жұмыстарына үлес қосуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар