Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Үндістанда соңғы 24 сағатта 1136 адам қайтыс болып, коронавирустан қайтыс болғандар жалпы саны 79 мың 722-ге жетті.

1490049
Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 928 мың 290-нан асты.  Расталған оқиға саны 29 миллион 185 мыңнан,  жазылып кеткендердің саны 21 миллион 31 мыңнан асты.

Үндістанда соңғы 24 сағатта 1136 адам қайтыс болып, коронавирустан қайтыс болғандар жалпы саны 79 мың 722-ге жетті.  92 мың 71 жаңа оқиға тіркеліп,  вирус жұқтырғандар саны  4 миллион 846 мың 427 болды.

Сауд Арабиясы коронавирус сақтық шаралары шеңберінде жаңа жылдан бастап елге кіріп-шығуға байланысты барлық шектеуді алып тастайтынын хабарлады. Мемлекеттік қызметкерлер, бизнесмендер, науқастар, гуманитарлық жағдайы барлар мен студенттердің осы жағдайға 15 қыркүйек күнінен бастап қамтылатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар