Беларусьте наразылық жалғасуда

400-ден астам адам ұсталды.

1489935
Беларусьте наразылық жалғасуда

Беларусьтегі  Президент сайлауының нәтижелеріне қарсы ел астанасы Минскіде рұқсат етілмеген демонстрацияларда 400-ден астам адам ұсталғаны хабарланды.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ольга Чемоданова Минскіден басқа бүкіл елдегі наразылықтардың кеше жергілікті уақытпен 19:00-де аяқталғанына назар аударды.

Минскіде рұқсат етілмеген демонстрацияларда 400-ден астам адамның ұсталғанын атап көрсеткен Чемоданова кейбір аймақтарда 100-ге жуық наразылық білдірушілер полицияға шабуыл жасамақ болған деп мәлімдеді. Чемоданова сонымен қатар полицейлер граната қолданбағанын алға тартты.

Чемоданова Витебск қаласындағы демонстрациялар кезінде 14 адамның ұсталғанын білдірді.

Әлеуметтік желідегі аккаунттарда 100-ге жуық наразылық білдірушінің Дрозды ауданына кіріп, Беларусь сайлау комиссиясының президенті Лидия Ермошинаның үйінің алдына жиналып, ұрандар салғаны көрінді. Ермошинаның үйінің алдына жиналған наразылық білдірушілерді полиция аспанға оқ жаудырып, таратты.

Кейбір наразылық білдірушілер өз демонстрациясын Музафферлер көшесінен шыққаннан кейін Пушкин алаңында жалғастырды.

Қазіргі президент Александр Лукашенко 9 тамызда Беларусьте өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін, наразылықтар басталды. Наразылық білдірушілер елде жаңа сайлаумен қатар конституциялық өзгеріс талап етті.



Ұқсас жаңалықтар