Әлемде коронавирус

Бразилияда 922 адам қайтыс болып,  вирустан өлім саны 129 мың 575-ке жетті.

1488670
Әлемде коронавирус
Süper Covid.jpg
KORONA SÜPER

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 913 мың 930-дан асты. Вирус жұқтыру оқиғасы 28 миллион 329 мың 605-тен,  жазылып кеткендер саны болса 20 миллион 345 мың 590-нан асты.

Ковид оқиғасы және вирустан қайтыс болу ең көп тіркелген ел Америка Құрама Штаттарында өлім-жітім 196 мың 328-ге жетті.  Елде оқиға саны 6 миллион 588 мың 163-ке жетті.

Бразилияда 922 адам қайтыс болып,  вирустан өлім саны 129 мың 575-ке жетті.  Вирус жұқтыру да 40 мың 431 артты.  Осылайша елде инфекция жұқтырғандар саны 4 миллион 239 мың 763 болды. Тұрғын саны 211 миллионнан асатын Бразилия АҚШ пен Үндістаннан кейін әлемде ең көп вирус жұқтыру оқиғасы тіркелген үшінші ел болды.

Мексикада соңғы бір тәулікте ковидтен 554 адам қайтыс болды. Жан шығыны осылайша 69 мың 649-ға жетті.  Елде вирус жұқтырған адам саны 4 мың 857 артып,  олардың жалпы саны 652 мың 364 болды.

Австралияда ковидтен ең көп адам шығыны мен оқиға саны тіркелген Виктория штатында тоғыз адам қайтыс болды.  Осылайша елде вирустан қайтыс болғандар саны 797-ге жетті.

Эпидемияның Еуропадағы ошағы Ұлыбританияда жан шығыны 41 мың 608. Елде 358 мың 138 адам вирус жұқтырды.

Коронавирустан өлім-жітім Италияда 35 мың 587, Францияда 30 мың 813, Испанияда 29 мың 699 ретінде тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар