Шығыс елдерінде эпидемия салдарынан өлім-жітім артуда

Әлем көлемінде расталған оқиға саны 27 миллион 301 мыңнан асты.

1486118
Шығыс елдерінде эпидемия салдарынан өлім-жітім артуда

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 887 мың 630-дан, расталған оқиға саны 27 миллион 301 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 19 миллион 379 мың болды. 

Үндістанда соңғы 1 тәулікте Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 71 мың 642-ға жетті. Елдегі расталған оқиға саны 4 миллион 204 мың 613-тен асты. Күніне шамамен 2,7 миллион жолаушы тасымалдаған Жаңа Делидегі метро желілері ковид-19 эпидемиясының кең тарағанына қарамастан 169 күннен кейін қайтадан іске қосалды. Эпидемия кең тараған аймақтардағы метро аялдамалары болса қысқа уақытқа жабық болады. 

Африка құрлығында эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 31 мың 357-ге вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 305 мың 252-ге өсті. 

Құрлықта Оңтүстік Африка Республикасы қазірге дейін 14 мың 889 адам өлімімен эпидемиядан ең көп адам қайтыс болған ел. Мысырда 5 мың 530, Алжирде 1556 адам қайтыс болды. 

Маврикийде ковид-19 оқиғасы байқалмады. Сейшель аралдары мен Эритреде қазірге дейін өлім тіркелмеді. 



Ұқсас жаңалықтар