Минскте шеру жалғасты

Кейбір азаматтар тұтқынға алынды.

1485955
Минскте шеру жалғасты

Беларусьте президенттік сайлаудың нәтижелеріне қарсы наразылықтар Президенттік сарайдың маңында жалғасты.

Минскте үкімет ғимаратының алдындағы Тәуелсіздік алаңында жиналуға рұқсат берілмеді.  Шерушілер алаң алдынан Президенттік сарайға қарай жылжыды.

Президенттік сарайға баратын жолды қаруіпсіздік күштері қалқан және арнайы темірлермен жапты. Сарай алдына жиналған қалың адам бір мезгіл Александр Лукашенкоға қарсы ұран тастады.

Полиция барьерасына киліккен азаматтарды қауіпсіздік күштері тұтқынға алды.

Ішкі істер министрлігі жағдайды бақылауға алғандарын, шерулерде төтенше оқиға болмағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар