АҚШ-тың Орегон штатындағы шерулер 100 күннен бері жалғасуда
Афро-американдық Джордж Флойдтың Миннеаполис қаласында полиция тарапынан өлтірілуінің артынан басталған шерулер кешкі уақытқа дейін жалғасты.

Америка Құрама Штаттарының Орегон штатына қарасты Портленд қаласында афро-американдық Джордж Флойдтың Миннеаполис қаласында полиция тарапынан өлтірілуінің артынан басталған шерулердің 100-ші күнінде нәсілшілдік пен полицияның зомбылығына қарсы протесттер жалғасты.
Портлендте жексенбі күні бас қосқан жүздеген шеруші елдегі полицияның зорлық-зомбылығы мен нәсілшілдікке қарсы кешкі уақытқа дейін шеруге шықты.
Ереуілшілер көшелерден шегінбейтіні жайлы ұрандар тастаса, кейбір шерушілер полицияның бюджетінің қысқартылуын талап етті.
Көшелерде Молотов коктейлі тастаған шерушілерге қарсы көз жасаурататын газ сепкен полиция шерудің рұқсатсыз жасалғанын білдірді.
Портленд полициясы оқиғалардың протест шеруінен гөрі көтеріліске айналғанын жариялады.
15 бен 50 жасар аралығында 59 адам тергеуге алынған шеруде кем дегенде 1 адам жарақат алды.
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-тан Халықаралық сотқа санкция
Дональд Трамп Халықаралық қылмыстық сотқа санкция салу туралы жарлыққа қол қойды.