Сирия әскерлері 4 террористті залалсыздандырды

Сирия Ұлттық армия әскерлері Расулайн ауданына кіруге тырысқан бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK мүшесі 4 террористті залалсыздандырды.

1484644
Сирия әскерлері 4 террористті залалсыздандырды

Сирия Ұлттық армия әскерлері "Бейбітшілік бұлағы" операциясы аймағында орын алған Расулайн ауданына кіруге тырысқан бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK мүшесі 4 террористті залалсыздандырды. 

YPG/PKK-лық террористтер Сирияның солтүстігіндегі Расулайн ауданы орталығының оңтүстігінде орын алған Ирак әл-Хава ауылы маңында Сирия Ұлттық армия әскерлері болған шеп желілеріне кіруге тырысты.

Осы барыста  Сирия Ұлттық армия әскерлері мен YPG/PKK-лық террористтер арасында қақтығыс шықты. 

Қақтығыстарда  бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK мүшесі 4 террорист залалсыздандырылды.

Евфрат өзенінің шығысында жаулау әрекетін жалғастырған террор ұйымы мүшелері анда-санда Расулайн және Тель-Абьяд аймақтарына кіруге тырысуда. 

 



Ұқсас жаңалықтар