Мармолада мұздығы 15 жылда ериді

70 жылда 80 пайызы еріген Мармолада мұздығының 15 жылда еріп таусылатыны мөлшерленді.

1483095
Мармолада мұздығы 15 жылда ериді

Альпі тауларының Италия тарапындағы Мармолада мұздығының 15 жыл ішінде жаһандық ысыну себепті жоғалатыны мөлшерленді.

Мармалода мұздығындағы зерттеулерден кейін Италия ақпаратына мәлімдеме жасаған Падуя университетінің ғалымдары аймақтағы жағдайдың "қайғылы" екенін білдірді. 

Мармалода мұздығында зерттеу жүргізген Доцент Доктор Альдино Бандесон:

"Мармалода мұздығы соңғы 70 жылда мөлшермен 80 пайыз азайды. 1954 жылы 95 миллион текшеметр болған көлемі қазір 14 миллион текшеметр.  Жоғалуына байланысты мөлшер артып отыр. Мұздықтың 15 жылдан артық өмірі қалмады" деді.

Италиян ғалымдар ғасырымыздың соңында Альпі тауларындағы барлық мұздықтардың еріп таусылатынана назар аударды.  



Ұқсас жаңалықтар