Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Африка құрлығы бойынша эпидемиядан қайтыс болғандардың саны 30 мың 104.

1483285
Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Әлем көлемінде коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны 861 мың 280-нен асты.  Вирус жұқтыру оқиғасы 25 миллион 906 мыңнан,  сауығып кеткендердің саны болса 18 миллион 198 мыңнан асты.

Үндістанда соңғы бір тәулікте 1045 адам қайтыс болды.  Осылайша қайтыс болған адам саны 66 мың 333-ке жетті.  78 мың 357 адам вирус жұқтырып,  жұқтығандар саны 3 миллион 769 мың 523-ке жетті.

Африка құрлығы бойынша эпидемиядан қайтыс болғандардың саны 30 мың 104, вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 264 мың 417 болды.

Бүгінге дейін ковидтен ең көп өлім 14 мың 263 адам санымен Оңтүстік Африка,  5 мың 421 адам санымен Мысыр, 1518 адам санымен Алжирде тіркелді.

Оңтүстік Африкада 628 мың 259 адам вирус жұқтырса, Мысырда 99 мың 115, Мароккода 5 мың 440 адам вирус жұқтырған.



Ұқсас жаңалықтар