Мадуро әкімшілігі 110 оппозиция басшысын кешірді

Венесуэлада араларында 26 депутат та бар барлығы 110 оппозиция басшысына кешірім жасалды.

1482876
Мадуро әкімшілігі 110 оппозиция басшысын кешірді

Венесуэлада араларында 26 депутат та бар барлығы 110 оппозиция басшысына кешірім жасалды.

Коммуникация министрі Хорхе Родригес кеше мемлекеттік телеарнадан жарияланған баспасөз жиналысында желтоқсан айында өткізілуі жоспарланған парламенттік сайлау және елдегі саяси процеске қатысты ой-пікірін айтты.

Родригес  Мемлекет басшысы Николас Мадуроның ел көлемінде және шетелде 110 оппозиция басшысын қамтитын кешірім жарлығына қол қойғанын жариялады.

Мадуро үкіметінің шешімінің оппозицияға парламент сайлауына қатысуы үшін қысым жасау мақсатты еместігін білдірген Родригес сайлау алдында ұлттық бірлік пен келіссөз кезеңін нығайтуды қалағандарын атап көрсетті.

Кешірілгендер арасында оппозицияның алдынғы қатарлы Фредди Гевара Кортес пен Мигель Пизарроға қоса, оппозициядағы басшы Гуаидоның белгілі жақтаушысы Роберто Маррера сияқты маңызды тұлғалар да бар. Алдымен Чили артынан Испания өкілетті елшілігін паналаған Леополдо Лопез бен Колумбиядағы бұрынғы Мәжіліс төрағасы және оппозициядағы басшы Жулио Боргес кешірілгендер тізімінде орын алмады.



Ұқсас жаңалықтар