Венесуэла орыс вакцинасын егіп көреді

Осы елде Қытай мен Кубаның да вакциналары сыналады.

1482102
Венесуэла орыс вакцинасын егіп көреді

Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуро Ресейде жетілдірілген коронавирус вакцинасы Спутниктің алдымыздағы күндері елде еріктілерде сыналатынын жариялады.

Мадуро Қытай және Кубадан  келетін басқа вакциналардың да Венесуэлада сыналатынын білдірді. Мемлекет басшысы: «Барша жеті күндік қатаң карантинге дайын болсын» деді.

Венесуэла Денсаулық министрі Карлос Алварадо болса Ресеймен Құпиялылық келісіміне қол қойғандарын және тестке қатысатындарды таңдауға дайын екендерін хабарлады.

Ресми деректерге қарағанда,  елде бір күнде 900-ден астам адам вирус жұқтырады.  Алайда көптеген медициналық қызметкер шын көрсеткіштің бұдан әлдеқайда көп екенін айтып отыр.

Ресей «Спутник V» деп аталған коронавирус вакцинасын 15 тамызда өндіре бастағанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар