Тыңшылық жасағаны алға тартылған француз офицер тұтқындалды

Неапольдегі НАТО базасында қызмет атқарған бір француз офицер тыңшылық айыптауымен тергеуге алынды.

1481824
Тыңшылық жасағаны алға тартылған француз офицер тұтқындалды

Италияның Неаполь қаласындағы НАТО базасында міндет атқарған бір француз офицер Ресей атынан тыңшылық жасағаны алға тартылып, тергеуге алынды.

Europe 1 радиосының хабарында аты құпия сақталған офицердің 21 тамыз күні Неапольдегі НАТО базасында қызметіне оралып бара жатқанда, орыс барлауына құпия құжат пен ақпарат бөліскені себепті Франция Ішкі барлау бөлімшесі (DGSİ) тарапынан тергеуге алынғаны және тергеу ашылғаны жарияланды.

Хабарда 50 жасар офицердің «шетелдік күштерге ақпарат беру, ұлт мүдделеріне қауіп төндіретін ақпарат жинау» айыптауымен тергеуге алынғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар