"Өзімді керемет сезінудемін. Вакцина маған кері әсер жасамады"

АҚШ-та Ковид-19 вакцинасы егілген Дженнифер Халлер вакцинаның әсерін бөлісті.

1479721
"Өзімді керемет сезінудемін. Вакцина маған кері әсер жасамады"

АҚШ-та жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті вакцинасы сыналған алғашқы кісі 44 жастағы Дженнифер Халлер вакцинаның әсерін бөлісті.

16 наурызда вакцина сыналған Халлер:

"Өзімді керемет сезінудемін. Вакцина маған кері әсер жасамады" деді.

АҚШ-тың Сиэтле қаласында тұратын Дженнифер Халлер елінде вакцина сыналған алғашқы кісі болды.

Халлер баспасөзге жасаған мәлімдемесінде:

"Өткен күндерді ойлағанымда, мұның шынында өте маңызды болғанын түсіндім" деді.

Дженнифер Халлер вакцина егілген білегінің иығы аздап ауырғанын, басқа әсері болмағанын айтты.

"Өзімді керемет сезінудемін. Вакцина маған кері әсер жасамады" деген Халлер қайталай ерікті боласыз ба? деген сұраққа: "Әрине, ерікті боламын" деп жауап берді. 



Ұқсас жаңалықтар