Коронавирустан әлем көлемінде өлім-жітім 821 мыңнан асты

Сауығып кеткендердің саны болса 16 миллион 446 мың болды.

1479301
Коронавирустан әлем көлемінде өлім-жітім 821 мыңнан асты

Коронавирустан қайтыс болғандар саны әлем көлемінде 821 мың, вирус жұқтыру оқиғасы 24 миллионнан асты. Сауығып кеткендердің саны болса 16 миллион 446 мың болды.

Эпидемияның ошағы Америка Құрама Штаттарында ковидтен қайтыс болғандардың саны 182 мыңнан асты. 5 миллион 950 мың адам вирус жұқтырған.

Испанияда эпидемия салдарынан соңғы 1 тәулікте көз жұмған 116 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 28 мың 924-ке өсті. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы 24 сағатта 7 мың 117 жаңа оқиға тіркелгенін, вирус жұқтырғандар санының 412 мың 553-ке жеткенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар