Шығыс елдерінде коронавирус

Сауығып кеткендердің саны 15 миллион 518 мыңнан асты.

1476665
Шығыс елдерінде коронавирус

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны 797 мың 120-дан асты.  Вирус жұқтыру саны 22 миллион 862 мың 670 болды. Сауығып кеткендердің саны болса 15 миллион 518 мыңнан асты.

Ең көп оқиға тіркелген үшінші ел Үндістанда ковид салдарынан соңғы бір тәулікте 983 адам қайтыс болды. Осылайша өлім-жітім 54 мың 975-ке жетті. Елде 68 мың 898 жаңа оқиға расталып,  вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 905 мың 823-ке жетті.

Африка құрлығында эпидемиядан соңғы 24 сағатта тағы 333 адам қайтыс болды.  Осылайша қайтыс болғандардың жалпы саны 27 мың 18 болды.  Құрлық көлемінде 10 мың 411 жаңа оқиға тіркеліп,  вирус жұқтырғандар саны  1 миллион 162 мың 148 болды.

Бүгінге дейін Сovid-19-дан ең көп өлім-жітім  12 мың  618-бен Оңтүстік Африка,  5 мың  212 өліммен Мысыр және 1411 өліммен Алжирде тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар