Ливия премьер-министрі дереу атысты тоқтатуға бұйрық берді.

Ливия премьер-министрі еліндегі барлық әскери күштерді дереу операцияларды тоқтатуға бұйрық берді.

1476948
Ливия премьер-министрі дереу атысты тоқтатуға бұйрық берді.

Ливия премьер-министрі дереу атысты тоқтатуға бұйрық берді.

Ливия премьер-министрі Файиз эс-Серрадж еліндегі барлық әскери күштерді дереу атысты тоқтату және әскери операцияларын доғаруға бұйрық берді.

Ливия Үкіметі жасаған мәлімдемеге қарағанда премьер-министр Серрадж «Ұлттық және саяси жауапкершілігінің ел мен аймақтың қазіргі жағдайы мен Ковид-19 эпидемиясы шарттарының қажеттілігіне сәйкес елдегі бүкіл әскери күштерге дереу операцияларын тоқтатуға бұйрық» берді. 

Серрадж физикалық бір атысты тоқтатуды қамтамасыз ету үшін Сирте мен Джуфраның қарудан тазаланған аймақ болуға тиісті екенін білдірді.

Ливия премьер-министрі нақты мақсаттарының барлық Ливияда егемендікті қамтамасыз етіп, шетелдік ақылы сарбаздарды елден шығару екеніне назар аударды.

Серрадж барлық ливиялықтарды ортақ келісімге келетін, атазаң үкімдеріне сәйкес президенттік кеңес және жалпы халықтық сайлауды келесі наурыз айында өткізуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар