Орыс ұшақтары Хафтарға қолдау берді

Орыс ұшақтарының Хафтарға ақылы әскер мен материалдар тасымалдағаны мөлшерленуде.

1473893
Орыс ұшақтары Хафтарға қолдау берді

Ливия армиясы Сирияның Лазкие қаласынан ұшқан 6 орыс жүк ұшағының Ливияның шығысындағы заңсыз қарулы күштердің лидері Халифа Хафтарға қолдау беру үшін жаңа материалдар тасымалдағанын жариялады.

Ливия армиясына қарасты Сирте-Джуфра ортақ операция кеңсесінің мәлімдемешісі генерал Абдулхади Дырах Сирияның Лазкие қаласынан 14 тамыз жұма күні 4, 15 тамыз сенбі күні 2 орыс ұшағы көтерілгенін және осы ұшақтардың Хафтардың негізгі базасы Бингазиге қонғанын айтты.

Дырах аталмыш ұшақтардың Хафтар үшін соғысатын Сириядағы Асад режиміне қарасты ақылы әскерлер мен басқа материалдар тасымалдағанын мөлшерлегендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар