Өлім-жітім 773 мың 560-дан асты

Сауығып кеткендер саны 14 миллион 575 мың болды.

1473997
Өлім-жітім 773 мың 560-дан асты

Коронавирус (Ковид-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 773 мың 560-дан асты. Расталған оқиға саны 21 миллион 850 мың, сауығып кеткендер саны 14 миллион 575 мың болды.

Эпидемиядан қатты зардап шеккен ел Америка Құрама Штаттарында қайтыс болғандар саны 173 мың 139-ға дейін өсті, елде вирус  жұқтырғандар саны 5 миллион 567 мың болды.

Латын Америкадағы індеттің ошағы деп аталған Бразилияда вирустық өлім саны соңғы 1 тәулікте көз жұмған 620 адамды қосқанда, 107 мың 879-ға, ал ауру саны 3 миллион 340 мың 197-ге дейін өсті.

Мексикада Ковид-19-дан қайтыс болғандар саны 56 757-ге, ал жұқтырғандар саны 522 мың 167-ге өсті.

Еуропада індеттің ошағы болған Англияда вирус себебінен қайтыс болғандар саны 41 мың 366 болса, 318 мың 484 жағдай тіркелді.

Италияда Ковид-19 басталғаннан бері 35 мың 396 адам қайтыс болды.

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны Францияда 30 410-ға дейін өсті.


Этикеттер: #Коронавирус

Ұқсас жаңалықтар