Коронавирус көрсеткіштері

Америка Құрама Штаттарында 170 мың 415 адам қайтыс болды

1472899
Коронавирус көрсеткіштері

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны әлемде 757 мың 471-ге жақындады.  Вирус жұқтырғандар саны 21 миллион 72 мыңнан асты.  Сауығып кеткендердің саны болса 13 миллион 924 мыңнан асты.

Эпидемиядан ең көп зиян шеккен ел Америка Құрама Штаттарында 170 мың 415 адам қайтыс болды. 5 миллион 415 мың адам вирусты жұқтырды.

Латын Америкада эпидемияның ошағы атанған Бразилияда 105 мың 564 адам қайтыс болды.  3 миллион 229 мың адам вирус жұқтырып ауырды.

Мексикада ковидтен адам өлімі 627 артып,  55 мың 293-ке жетті.  7 мың 371 адам вирус жұқтырып, жұқтырғандар саны жалпы 505 мың 751-ге жетті.

41 мың 347 адам қайтыс болып эпидемияның Еуропадағы ошағы болған Ұлыбританияда вирус жұқтырған адам саны 3 миллион 400 мың болуы мүмкін екені білдірілді.  Елдің беделді университеттерінің бірі İmperial College тарапынан жүргізілген зерттеуде анықталған осы көрсеткіш тұрғын санының 6 пайызына дөп келеді. Зерттеу нәтижесінде Африка және Азия текті азшылықта ковид жұққан адам санының қалған этникалық топтармен салыстырғанда екі есе артық екені анықталды.



Ұқсас жаңалықтар