Беларусьте шерулер жалғасуда

Қауіпсіздік күштері қаланың көптеген жерінде тығыз шара қолдануда.

1472327
Беларусьте шерулер жалғасуда

Беларусьте әлі нақтыланбаған қорытындыға қарағанда,  президенттік сайлауда Александр Лукашенконың жеңіп шығуына наразылық білдіргендердің шеруі 4 күннен бері жалғасуда.

Минск секілді елдің маңызды қалаларында шерушілер полицияның күш қолдануына да наразылық білдіруде.  Әйелдер гүлдермен шынжыр қалыптастырып акция бастады.

Сонымен қатар Минскте кейбір даңғылдар,  метро стансалары мен сауда орталықтары жабылды. Қауіпсіздік күштері қаланың көптеген жерінде тығыз шара қолдануда.

Беларусь-1 телеарнасы «шерулерде арандатушылық» жасағаны алға тартылған, ұсталған кейбір Украина және Ресей азаматтарының көріністерін жариялады.

Ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысы Ольга Чемоданова шерулерде шамамен 700 адамның қамауға алынғанын хабарлады.  «Рұқсатсыз шерулерге қатысқандары үшін шамамен 700 адам қамауға алынды.  Елдегі протест шерулері жаппай наразылық күйінен айрылды. Алайда қауіпсіздік күштеріне шабуылдау деңгейі әлі жоғары.  9-13 тамыз күндері азаматтардың заңсыз шерулері барысында қауіпсіздік күштерінің 103 қызметкері жарақат алды. 28-і ауруханаға жатқызылды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар