Жанджавид сарбаздары Хафтерге қолдау көрсетеді

Ливияда Жанджавид сарбаздарына тиесілі қарулы 70 көліктің Сирти қаласында ілгерілегені білдірілді.

1470885
Жанджавид сарбаздары Хафтерге қолдау көрсетеді

Ливияда  Жанджавид сарбаздарына тиесілі қарулы 70 көліктің Сирти қаласында ілгерілегені білдірілді. 

Ливия армиясынан жасалған мәлімдемеде әскери көліктермен Сирти қаласында ілгерілеген Жанджавид сарбаздарының Брига аймағында бейне көрініске түсірілгені баяндалды. 

Мәлімдемеде Суданнан апарылған ақылы әскерлер Жанджавид сарбаздарының қарулы 70 көлікпен төңкерісшіл Халифе Хафтерге қолдау көрсету мақсатымен Сиртиде ілгерілегені түсіндірілді. 

Ливияның шығысындағы заңсыз қарулы күштерінің лидері Халифе Хафтердің алдыңғы қатардағы қаржы, саяси және әскери жақтағы қолдаушысы Біріккен Араб Әмірліктері Хафтер тарапында соғысулары үшін Ресей қауіпсіздік фирмасы "Вагнер"-ге қарасты мыңдаған ақылы әскерлермен қатар сириялық сарбаздар және судандық Жанджавид сарбаздарды соғыс шебіне апарған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар