Израиль әскери ұшақтары Газаға шабуылдады

Израиль армиясы Хамасқа тиесілі бақылау бекетіне әуе шабуылы жасады.

1470205
Израиль әскери ұшақтары Газаға шабуылдады

Израиль армиясы қоршаудағы Газа секторының солтүстігінде Хамасқа тиесілі бекетке әуе шабуылы жасады. 

Израиль әскери ұшақтары Газа секторының солтүстігінде Хамастың әскери қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасына тиесілі бақылау бекетін зымырандармен бомбалады.

Газадағы Денсаулық сақтау министрлігі шабуыл кезінде адам шығыны болып болмағаны жайлы мәлімдеме жасамады.

Израиль армиясы мәлімдемешісі Авикхэй Адраее шабуылдың Газа секторынан Израильге қарай ұшырылған шарлармен жасалған шабуылға қарсы жасалғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар