Шығыс елдеріндегі эпидемияда соңғы жағдай

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім күн өткен сайын артуда.

1468565
Шығыс елдеріндегі эпидемияда соңғы жағдай

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 717 мың 792-ден асты. Расталған оқиға саны 19 миллион 266 мың, жазылып кеткендер саны 12 миллион 364 мың болды. 

Әлемде ауруды жұқтырғандар саны ең жоғары болған 3-ші ел Үндістанда соңғы 24 сағаттың ішінде 886 адамды қосқанда Сovid-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 41 мың 585-ке, расталған оқиға саны 62 мың 538 артып, 2 миллион 27 мың 74-ке жетті. 

21 мың 771 адам індет салдарынан қайтыс болған Африка құрлығында ауруды жұқтырғандар саны 1 миллионға жетті. Сovid-19-дан ең көп адам шығыны 9 мың 298 өліммен Оңтүстік Африкада тіркелді. Мысырда 4 930 адам, Алжирде 1 мың 273 адам қайтыс болды. 

Қытайда қазірге дейін 4 мың 634 адам эпидемия салдарынан көз жұмды. Расталған оқиға саны 84 мың 565-ке көбейді. Соңғы 24 сағатта Қытайда 37 адам вирус жұқтырды.

Оңтүстік Кореяда эпидеzмия салдарынан қайтыс болғандар саны 303-ке, расталған оқиға саны да 14 мың 519-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар