Covid-19 салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 711 мың 876-тен асты

Жазылып кеткендер саны 19 миллион 6 мың болды.

1467973
Covid-19 салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 711 мың 876-тен асты
Süper Covid.jpg
Süper Korona
süper Covid-19

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 711 мың 876-дан, расталған оқиға саны 19 миллион 6 мыңнан асты. Жазылып кеткендер саны 12 миллион 193 мың болды.

Эпидемияның орталығына айналған АҚШ-та қазірге дейін қайтыс болғандар саны 161 мың 608-ге жетсе, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 4 миллион 973 мың 741 болып тіркелді.

Бразилияда қайтыс болғандар саны 97 мың 418, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 862 мың 761 болды.

Сovid-19 салдарынан өлім-жітім Мексикада 49 мың 698-ге, оқиға саны 456 мың 100-ге жетті.

Францияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 9 адамды қосқанда, 30 мың 205 адам қайтыс болды. Жалпы оқиға саны 695 артып, 220 мың 746-ға жетті.

Италияда Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 35 мың 181, Испанияда 28 мың 499, Германияда 9 мың 245-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар