Шығыс елдерінде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 670 мың 310-нан асты.

1464428
Шығыс елдерінде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 670 мың 310-нан асты. Вирус жұқтырған адам саны 17 миллион 195 мыңнан асты, ал сауығып кеткендер саны 10 миллион 706 мыңнан асты.

Соңғы 24 сағат ішінде Үндістанда 775 адамның өлімімен Ковид-19-дан қайтыс болғандар саны 34 мың 968-ге дейін өсті. Вирус жұқтырғандар  52 мың 123-ке көбейіп, 1 миллион 583 мың 792-ге жетті.

Африка құрлығында індет салдарынан қайтыс болғандар саны 361 артып, 18 мың 901-ге жетті. Ал ауруды жұқтырғандар саны 16 мың 828 артып,  894 мың 421-ге артты.

Құрлықтағы Ковид-19-дан ең көп шығын Оңтүстік Африкада тіркелді. Осы елде 7 497 адам, Мысырда 4 728 адам, Алжирде 1 186 адам қайтыс болды.

Сейшелль мен Эритреяда осы уақытқа дейін адам өлімі тіркелген жоқ.

Оңтүстік Африкадағы инфекция жұқтырғандар саны 471 мың 123-ке жетті, одан кейін Мысырда 93 мың 356 науқас, Нигерияда 42 мың 208 науқас тіркелді.

Африкада вирусты жұқтырған 543 мың 503 адам ауруды жеңді.

4 мың 634 адам қайтыс болған Қытайда соңғы бір күнде өлім-жітім болған жоқ, ал 105 адам ауруды жұқтырып, вирус жұққан адам  саны 84 мың 165-ке дейін өсті.

Адам өлімі 300 болған Оңтүстік Кореяда соңғы 24 сағат ішінде Ковид-19-ға қатысты бірде-бір өлім тіркелмеген, 18 адам вирус жұқтырып, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 14 269-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар