Ресейде 10 мың жылдық мамонт табылды

Солтүстік Сібірдегі бір көлде мамонт қаңқасы табылды.

1464271
Ресейде 10 мың жылдық мамонт табылды

Солтүстік Сібірдегі бір көлде мамонт қаңқасы табылды. 

Ресейдің солтүстігіндегі Ямало-Ненецк аймағындағы Печевалавато көлінің терең жерінде 23 шілдеде шопандар байқаған қаңқаның су бетіне толық шығарылуы үшін орыс ғалымдар жұмыстанып жатыр.

Кемінде 10 мың жылдың алдында өмір сүргені мөлшерленген мамонттың бас сүйегі, иегінің асты, бірнеше қабырғасының бөлшектері және аяқтарының сіңірлері табылып, осы бөлшектердің жақсы қорғалғаны білдірілді. 

Арктика Ғылыми зерттеу орталығының директоры Дмитрий Фролов мамонттың қалған сүйектерін іздеу жұмысының жалғасып жатқанын айтты.

Фролов:

"Мамонттың қайсы жылдарда өмір сүргенін және  қанша жасында өлгенін білмесек те, мамонт қалдықтары кемінде 10 мың жаста" деді.

Ресейдің түрліше аймақтарында осының алдында да көптеген үсіген жануарлардың қалдықтары табылған болатын.   



Ұқсас жаңалықтар