Ремдесивир дәрісі енді ЕО үшін қолжетімді

Препарат тамыз айында ЕО-ға мүше мемлекеттер мен Ұлыбритания үшін қолжетімді болады.

1464014
Ремдесивир дәрісі енді ЕО үшін қолжетімді

Еуропалық Одақ (ЕО) комиссиясы американдық Gilead Sciences фармацевтикалық компаниясымен «Ремдесивир” дәрісін сатып алуға келісімшарт жасалды деп хабарлады.

Ремдесивир - коронавирустың жаңа түрін (Ковид-19) емдеуде қолдануға ЕО-ның ресми мақұлдауын алған алғашқы препарат. Препарат тамыз айында ЕО-ға мүше мемлекеттер мен Ұлыбритания үшін қолжетімді болады.  

Мәлімдемеде Ремдесивирді 30 мың науқасты емдеуге жеткілікті мөлшерде сатып алуға 63 миллион евро төленетіні айтылған.

Бастапқы эбола емінде қолдану үшін жасалынған, жануарлар сынағында SARS және MERS коронавирустарына қарсы тиімді екені анықталған Ремдесивир Ковид-19 емделушілеріне де жағымды әсер етеді.  



Ұқсас жаңалықтар