Ұлыбританияда үкімет велоспортты дамыту жоспарын дайындады

Жоспар жаңа велосипед жолдарын салудан бастап, велосипед жөндеуді ынталандыруға дейінгі бірқатар инвестицияларды қамтиды.

1463348
Ұлыбританияда үкімет велоспортты дамыту жоспарын дайындады

Ұлыбританияда үкімет велосипед пен жаяу жүргіншілер жолын көбейту және велоспортты дамыту жоспарын дайындады.

«Deutsche Welle Turkish» газетінің хабарлауынша, премьер-министр Борис Джонсон бастаған үкімет елде велосипед қолдануды қарқынды түрде дамыту жоспарын жариялады.

Жоспар жаңа велосипед жолдарын салудан бастап, велосипед жөндеуді ынталандыруға дейінгі бірқатар инвестицияларды қамтиды.

Джонсонның өзі жариялаған жоспарға сәйкес, «Велосипед пен жаяу жүру төңкерісі» мақсатымен 2 миллиард фунт (2,19 миллиард евро) инвестиция жасалады.Үкімет қатынас үшін велосипедтерді пайдалану денсаулық сақтау үшін маңызды деп мәлімдеді.

Борис Джонсон велосипедпен жүруге және жаяу жүру бағыттарына салынатын инвестицияның мақсатын «дені сау және белсенді ұлт» деп түсіндірді.

Үкіметтің халықтың денсаулығына байланысты жалғыз жоспары велосипедпен және жаяу жүрумен шектелмейді. Кеше елде бір акция басталып,  артық салмақ пен семіздікке қарсы күресте жаңа қадамдар басылуда.



Ұқсас жаңалықтар