Ресей АҚШ тыңшы ұшағын тосты

Ресей Қаратеңіз аспанында ұшқан АҚШ-тың тыңшы ұшағын тосу үшін аймаққа Su-27 әскери ұшақ жолдағанын хабарлады.

1463506
Ресей АҚШ тыңшы ұшағын тосты

Ресей Қаратеңіз аспанында ұшқан АҚШ-тың тыңшы ұшағын тосу үшін аймаққа Su-27 әскери ұшақ жолдағанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі P-8 Poseidon типті АҚШ тыңшы ұшағының Қаратеңіз аспанында Ресей шекарасына жақындаған кезде анықталғанын жариялады.

Мәлімдемеде АҚШ ұшағының шекарадан кіруге талпынбағаны және орыс ұшағы жолға шыққаннан кейін кері қайтқаны білдірілді. 

АҚШ тыңшы ұшағы шекарадан алыстағаннан кейін орыс әскери ұшағының базаға кері қайтқаны хабарланды.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде бұл оқиғаның тұңғыш емес  екені, 23-24 шілде күндері де осындай оқиғалар болғаны білдірілді.    



Ұқсас жаңалықтар