Коронавирус көрсеткіштері

Әлемде коронавирустың жаңа түрінің салдарынан қайтыс болғандардың саны 663 мың 541-ден асты

1463751
Коронавирус көрсеткіштері
super koronavirus.jpg
super korona brezilya.jpg

Әлемде коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) салдарынан қайтыс болғандардың саны 663 мың 541-ден асты. Вирус жұқтырғандар саны 16 миллион 899 мың 700-ден асып, сауығып кеткендер саны 10 миллион 462 мың 852-ге жетті.

152 мың 320 адамның өлімімен  эпидемия ошағы болған Америка Құрама Штаттарында вирус жұқтырғандар саны 4 миллион 498 мың 343 болды.

Бразилияда тағы 921 адам қайтыс болып, елде вирустан қайтыс болғандар саны 88 мың 634-ке дейін өсті, ал науқас саны 40 816-ға өсіп, 2 миллион 484 мың 649-ға жетті.

Ковид-19-дан адам өлімі Мексикада соңғы 24 сағатта 854-ке көбейіп, 44 876-ға жетті. Елде Ковид-19 жұқтырғандар саны 7 208-ге өсіп, 402 мың 697-ге жетті.

Еуропадағы індет ошағы Ұлыбританияда қайтыс болғандар  саны 45 мың 878 болса, 300 мың 692 адам бұл ауруды жұқтырған.

Италияда соңғы 24 сағат ішінде коронавирустың жаңа түріне байланысты 11 адам қайтыс болды, осылайша жалпы өлім-жітім 35 мың 123 болды. Науқас саны 12 609-ға дейін өскен елде соңғы күнде 181 жаңа науқас тіркелді.

Испанияда Ковид-19-дан қайтыс болған адамдардың саны соңғы 7 күнде 6-ға көбейіп, 28 436-ға дейін жетті. Соңғы 24 сағаттағы мәліметтерге сәйкес, елде 905 жаңа науқас анықталды, ауруды жұқтырғандар саны 280 мың 610-ға дейін өсті.

Португалияда соңғы бір күнде Ковид-19-дан 3 адам қайтыс болды, ал қайтыс болғандар саны мың 722-ге дейін өсті. Инфекция жұқтырғандардың саны елде 50 мың 410 болды, 11 жаңа науқас анықталды.



Ұқсас жаңалықтар