Ауғанстанда 6 айда мың 282 кісі қаза тапты

Қаза тапқандардың арасында 340 бала мен 138 әйел бар екені, аталмыш күш қолдану оқиғаларында 2 мың 176 бейуаз азамат жараланғаны хабарланды.

1462824
Ауғанстанда 6 айда мың 282 кісі қаза тапты

Ауғанстанда соңғы 6 айда күш қолдану оқиғаларында мың 282 кісі қаза тапты.

БҰҰ Ауғанстан жәрдем ұйымынан (UNAMA) жасалған мәлімдемеде қаза тапқандардың арасында 340 бала мен 138 әйел бар екені білдіріліп, аталмыш күш қолдану оқиғаларында 2 мың 176 бейуаз азамат жараланғаны хабарланды.

Мәлімдемеде бейуаз өлімдерінің 58 пайызына оппозициялық күштер, 23 пайызына қауіпсіздік күштері жауапкер деп қаралғаны, қалғаны анық айтылмағаны білдірілді.

Балалар өлімдерінің көбіне қауіпсіздік күштері жауапкер екені білдірілген мәлімдемеде осы процесте шетел күштері тарапынан бейуаздардың өлтірілген-өлтірілмегені көрсетілмеді. 

Мәлімдемеде БҰҰ Ауғанстан жәрдем ұйымының (UNAMA) журналистер, ғалымдар, денсаулық қызметкерлері және лидерлерге бағытталған шабуылдардан алаңдап отырғаны жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар