Расулайнда лаңкестік

Зардап шеккендер арасында жергілікті әскери полиция қызметкерлері де бар.

1460519
Расулайнда лаңкестік

Сирияның солтүстігінде әскери оппозицияның бақылауындағы Расулайн ауданында бомба салынған көлікпен жасалған террористік шабуылда алғашқы анықтауларға қарағанда, 2 бейбіт тұрғын өмірден айырылды.

Бомба аудан орталығындағы жергілікті кеңес ғимараты жанындағы көлікте жарылып,  7 адам жарақат алды.

Зардап шеккендер арасында жергілікті әскери полиция қызметкерлері де бар.

Террорлық шабуыл салдарынан кәсіпкерлерге де зиян келді.

Оқиға орнында тергеу бастаған жергілікті қауіпсіздік күштері бұл әрекетті сепаратистік террористік ұйым YPG / PKK ұйымдастырған болуы мүмкін екенін алға тартты.

Сирияның солтүстігіндегі Расулайн ауданының орталығы Түркия Қарулы Күштері мен Сирия Ұлттық армиясының 2019 жылғы 12 қазанда ұйымдастырған «Бейбітшілік бұтағы» операциясымен терроризмнен тазаланған болатын.

YPG/PKK террорлық ұйымы өзі басып алған Айн Иса және Тель Темір аймақтарынан Расулайн мен Тель Абядты нысанаға алып, террористік шабуылдарды жиі ұйымдастырады.



Ұқсас жаңалықтар