Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны 617 мыңнан асты.

1459403
Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны 617 мыңнан,  сауығып кеткендердің саны 9 миллионнан,  вирус жұқтырғандардың саны 15 миллионнан асты.

Ковид-19 салдарынан қайтыс болғандардың саны Кувейтте 412, Йеменде 447, Палестинада 67, Катарда 160 және Біріккен Араб Әмірліктерінде 341 болды.

Оңтүстік Африка Республикасында соңғы бір тәулікте 195 адам вирус себебімен қайтыс болды, қайтыс болғандардың жалпы саны 5 мың 368-ге жетті. Эпидемияның Африка құрлығындағы орталығы болған осы елде 8 мың 170 кісіде вирус анықталды,  осылайша вирус жұқтырған адам саны 381 мың 798-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар