Хафтарға қосылуға бара жатқандар ұсталды

Судан қауіпсіздік күштері 160 адамды тұтқындады.

1457026
Хафтарға қосылуға бара жатқандар ұсталды

Судан қауіпсіздік күштері Ливияның шығысындағы заңсыз қарулы күштердің жетекшісі Халифа Хафтардың қатарында соғысу үшін осы елден өтуге тырысқан Сирия азаматтарын қосқанда 160 адамды тұтқындады.

Суданның ресми ақпарат агенттігі SUNA-ның хабарлауынша, армияның жедел қолдау күшінің баспасөз өкілі подполковник Адем Мұхаммед Салих Хафтарға қосылу мақсатында  Ливия  - Чад шекарасындағы Дарфур провинциясынан өту үшін талпынған 160 адам туралы білдірді.  Олардың арасында сириялықтар да бар.

Судан қауіпсіздік күштері 28 маусымда Дарфур провинциясының әртүрлі аймақтарында жүргізілген операциямен Хафтар қатарында соғысу үшін осы елге өтпек болған 122 адамды қамауға алған еді.

Сириядағы жергілікті ақпарат көздерінен алынған мәліметке сәйкес, Асад режимін қолдайтын Ресейдің Сириядан жаңа жалдамалы жауынгерлер арқылы Ливияда Хафтар қатарын нығайтуды тездеткені анықталды.

Ресейдің Сирияның әртүрлі провинцияларынан Хафтар қатарына жіберген жалдамалы әскери қызметкерлерінің саны осы уақытқа дейін 2 мыңға жетті деген болжам бар.



Ұқсас жаңалықтар