Кейбір елдерде коронавирус көрсеткіштері

Айығып кеткендердің саны 8 миллион 297 мың 653 болды.

1456844
Кейбір елдерде коронавирус көрсеткіштері

Коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 593 мың 100-ден, вирус жұқтырғандар саны да 13 миллион 967 мың 833-тен асып түсті. Айығып кеткендердің саны 8 миллион 297 мың 653 болды.

141 мың 124-тен астам адам өлімімен індеттің ошағы болған АҚШ-та  вирус жұқтырғандар саны 3 миллион 695 мың 469-ға жетті.

Соңғы бір күнде Бразилияда бір мың 322 адамның қайтыс болуымен Ковид-19-дан қаза болу 76 мың 822-ге дейін өсті, ал вирус жұқтыру  саны 45 мың 403 артып,  2 миллион 14 мың 738-ге жетті.

Ковид-19-дан адам өлімі Мексикада соңғы 24 сағатта 668-ге артып, 37 мың 574-ке жетті. Елдегі вирус жұқтырғандар саны 324 мың 41 болды.

Эпидемияның ошағы болған Ұлыбританияда бір күнде 66 адам қайтыс болып, өлім-жітім 45 мың 119-ға дейін жетті.  Тағы 642 адам вирус жұқтырып, вирус жұққан адам саны 292 мың 552-ге жетті.

Италияда соңғы 24 сағат ішінде коронавирустың жаңа түріне байланысты 20 адам қайтыс болып, өлім-жітім 35 мың 17-ге артты. Елде бір күнде тағы 230 адам вирус жұқтырды.

Францияда эпидемияның салдарынан соңғы бір күнде 18 адам қайтыс болып, өлім-жітім 30 мың 138-ге дейін өсті, ал ауруды жұқтырғандар саны 534 артып, жалпы саны 207 мың 142-ге жетті. Премьер-министр Жан-Кастекс Сенатта эпидемияға байланысты «келесі аптадан бастап жабық жерлерде бет маскаларын қолдану міндетті болады» деп мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран француздарға міндеттемені күтпестен жабық жерлерде бетперде тағуға кеңес берді.

Испанияда індет салдарынан соңғы бір күнде 3 адам қайтыс болып, өмірден өткен адамдар саны 28 мың 416-ға жетті, ал соңғы 24 сағат ішінде 580 адам вирус жұқтырды.

Португалияда соңғы күнде Ковид-19-дан 3 адам қайтыс болды, осылайша қайтыс болғандардың саны  1679 мың адам болды. Вирус жұқтырған 339 адам тіркеліп, елде вирус жұқтырғандардың саны 47 765 құрады.



Ұқсас жаңалықтар