Минск тобы Әзірбайжан мен Арменияны ымыраға шақырды

Минск тобының тең төрағалары Арменияның Әзірбайжанға зеңбірекпен шабуыл жасау талпынысын айыптады, тараптарды дағдарысты асқындырмайтын шаралар жасауға шақырды.

1454379
Минск тобы Әзірбайжан мен Арменияны ымыраға шақырды

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Минск тобының тең төрағалары Арменияның Әзірбайжанға зеңбірекпен шабуыл жасау талпынысын айыптады, тараптарға дағдарысты асқындырмайтын шаралар жасауға шақыру тастады.

Минск тобының тең төрағалары орыс Игорь Попов, француз Стефан Висконти, Американ Андреу Шофер Әзірбайжан-Армения шекарасының Товуз аймағында жалғасып келе жатқан қақтығыстарға байланысты мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде қақтығыстағы жан шығынына қайғырғандары білдіріліп:

"Атысты тоқтатуға қайшылық жасалуын айыптаймыз. Тараптарды жағдайды ушықтырмай, араларындағы байланыс құралдарынан пайдалануды қамтыған қажетті алдын алу шараларын жасауға шақырамыз" делінді.

Армения армиясы алдыңғы күні шекараның Товуз аймағында Әзірбайжан шебіне зеңбірек оғын қамтыған шабуыл ұйымдастырды. Әзірбайжан армиясының жауап беруіне орай шығындалып, кері шегінді. 

Қақтығыста  Әзірбайжан армиясынан бір лейтенантты қамтыған 4 әскер шейіт болды, 4 әскер жараланды.

Минск тобы Армения-Әзірбайжан келіспеушілігі және Таулы Қарабах мәселесінің бейбіт жолмен шешілуі мен тараптар арасында бітімгерлік жасау мақсатымен 1992 жылы құрылды.

Ресей, Франция және АҚШ тең төраға болған Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы Минск тобы өткен 28 жылда  көптеген талпыныс көрсеткеніне қарамай, Таулы Қарабах мәселесінің бейбіт жолмен шешілуінде нақты нәтиже шықпады. 



Ұқсас жаңалықтар