Коронавирус себепті 250 миллион адам аш қалады

БҰҰ жаңа типті коронавирус (Covid-19) індетінің әлем көлемінде 250 миллион адамды аштыққа итермелегеніне байланысты ескерту жасады.

1450903
Коронавирус себепті 250 миллион адам аш қалады

БҰҰ жаңа типті коронавирус (Covid-19) індетінің әлем көлемінде 250 миллион адамды аштыққа итермелегеніне байланысты ескерту жасады.

БҰҰ Кедейлікпен күрес және Адам құқықтары арнайы өкілі Оливье Де Шуттер жаңа типті коронавирус (Covid-19) індетінің әлем көлемінде 250 миллион адамды аштық шекарасына апарғанын, 2030 жылға дейін кедейліктен құтылу жобасының қиынға түскенін ескертті.

Оливье Де Шуттер өзінен бұрын осы міндетті атқарған Филип Алстонның жаһандық кедейлікке байланысты дайындаған рапордтын БҰҰ Адам құқықтары кеңесіне ұсынды.

Кедейліктен құтылу үшін тек қана өсудің  жеткілікті болмайтынына меңзеген Шуттер кедейлікпен күресте байлықтың күшті түрде қайта таратылуы керектігі көзқарасын тілге тиек етті. 

Шуттер коронавирус індетінің  250 миллионнан астам адамды аштық шекарасына итергенін, індеттің 176 миллион кісіні ерекше кедейлестіретінін,  әйелдер, иммигрант жұмысшылар және босқындарды қамтыған жалақысы аз адамдардың "Ұзақ уақыт елеусіз қалуына" себеп болатынын ескертті. 



Ұқсас жаңалықтар