Сирияда 6 айда мың адам қаза тапты

Сирияда соңғы 6 айда мыңнан астам бейуаз адам өлтірілді.

1447142
Сирияда 6 айда мың адам қаза тапты

Сирияда соңғы 6 айда мыңнан астам бейуаз адам өлтірілді.

Азаматтарға бағытталған шабуылдардың дәлелін тапқан Сирия Адам құқықтары тобы (SNHR) жариялаған рапортында биылғы алғашқы 6 айда жартысы Башар Асад режимі және жартысы Ресейдің шабуылыдарында жалпы 218 баламен 113 әйелді қамтыған 1006 бейуаз азаматтың өлтірілгені жарияланды.

Рапортта Асад режим армиясы мен Иранның қолдауындағы шетелдік террористерден ұйымдасқан режим күштері 64 бала мен 24 әйелді қамтыған 298 бейуазды өлтірді.

Орыс күштерінің шабуылында 62 бала мен 48 әйелді қамтыған 205 бейуаз азамат мерт болды.

Террористік ұйым YPG/PKK 8 бала мен бір әйелді қамтыған 34 бейуазды өлтірді. 

Террористік ұйым ДАИШ шабуылдарында бір бала мен 7 бейуаз қаза тапты, әскери оппозиция мен режимге қарсы қарулы топтар 2 бала мен 2 әйелді қамтыған 26 бейуаздың өліміне себеп болды.

Басқа топтардың  шабуылында 81 бала мен 38 әйелді қамтыған 436 кісі қаза тапты.

Сирияда алғашқы жарты жылда қаза тапққандардан 3 кісі журналист, 12 кісі денсаулық қызметкері мен Азаматтық қорғаныс еріктілері екені білдірілді.

Осы мезгілде 63 кісі режим тарапынан, жалпы 71 кісінің  қинаумен өлгені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар