Ауғанстандағы шабуылда 2 адам қаза тапты

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд уәлаятының Наве ауданында ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 2 адам қаза тапты.

1446170
Ауғанстандағы шабуылда 2 адам қаза тапты

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд уәлаятының Наве ауданында ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 2 адам қаза тапты. 

Гильменд уәлаяты мәлімдемешісі Өмер Зуак ауданда жол шетіне төселген бомбаның жай халықты тасымалдаған көліктің аймақтан өткен кезде жарылғанын айтты. 

Зуак шабуылда 2 адамның көз жұмғанын, 1 адамның да жарақат алғанын баяндады. 

Шабуылды ешкім мойнына алған жоқ. 

Енді бір жағынан Урузган уәлаятының Дехравуд ауданы қауіпсіздік басқармасы төрағасы Шах Мұхаммед Шах қарулы шабуылда қайтыс болды. 

 



Ұқсас жаңалықтар