Өлім-жітім әлем көлемінде 505 мың 129-дан асты

Жазылып кеткендер саны болса 5 миллион 583 мың 314-дtн асты.

1445003
Өлім-жітім әлем көлемінде 505 мың 129-дан асты
super covid19 abd
super covid19 2.jpg

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 505 мың 129-дан асты. Расталған оқиға саны 10 миллион 285 мың 127, жазылып кеткендер саны болса 5 миллион 583 мың 314 болды.

Covid-19 салдарынан қазірге дейін ең көп адам қайтыс болған АҚШ-та өлім-жітім 128 мың 451, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 628 мың.

Эпидемия қатты ықпал еткен Бразилияда вирус салдарынан соңғы 24 сағатта 1 109 адам қайтыс болды. Өлім-жітімнің жалпы саны 57 мың 103-ке ұласты.

Ұлыбританияда Covid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта қайтыс болғандар саны 100-ге көбейіп, өлім-жітім 43 мың 514-ке жетті. Оқиға саны да 890-ға көбейіп, 310 мың 250 болды.

Италияда Сovid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта қаза тапқан 22 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 34 мың 738, оқиға саны 155-ке азайып, 16 мың 618-ге шегерілді. Соңғы 1 тәулікте 174 жаңа оқиға тіркелді.

Мексикада Covid-19 эпидемиясынан соңғы 24 сағатта көз жұмғандар саны 602-ге көбейіп, жалпы өлім-жітім саны 26 мың 381-ге жетті. Елде оқиға саны 4 мың 410 артып, 212 мың 802 болды.

Францияда қазірге дейін Covid-19-дан қайтыс болғандар саны 29 мың 788 болса, вирусты жұқтырғандардың саны 162 мың 936-ға жетті.

Испанияда эпидемия себепті қазірге дейін қайтыс болғандар саны 28 мың 343.

Covid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны Бельгияда 9 мың 732, Перуда 9 мың 135, Германияда 9 мың 26, Канадада 8 мың 516, Нидерландыда 6 мың 105, Чилиде 5 мың 347, Щвецияда 5 мың 280, Эквадорда 4 мың 424, Коломбияда 2 мың 939 және Аргентинада мың 207.



Ұқсас жаңалықтар