Йемен армиясы жылжуда

Йемен армиясы елдің солтүстігіндегі Жевф қаласына қарасты Әл Хазм ауданын қоршағанын білдірді.

1443769
Йемен армиясы жылжуда

Йемен армиясы елдің солтүстігіндегі Жевф қаласына қарасты Әл Хазм ауданын қоршағанын және кейбір стратегиялық маңызды аймақтарда бақылауды алғанын хабарлады. 

Йемен армиясының интернет парақшасында жарияланған хабарға қарағанда,  6-шы Әскери аймақ қолбасшысы генерал Эмин Әл Ваили армия жасақтарының Иран қолдап отырған хоуситтердің бақылауындағы Әл Хазм ауданын қоршауға алғанын білдірді. 

Соңғы күндері Жевф қаласында стратегиялық маңыздағы кейбір әскери бекіністерде де бақылауды алғандарын білдірген Ваили хоуситтерден ондаған өлі бар екенін айтты. Сарбаздардың әскери көліктері де жойылған. 

Хоуситтерден әлі мәлімдеме келмеді.



Ұқсас жаңалықтар