Файиз әс-Серрадж бен Луиджи Ди Майо бас қосты

Ливия премьер-министрі Файиз әс-Серрадж Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майомен астана Триполиде бас қосты.

1442602
Файиз әс-Серрадж бен Луиджи Ди Майо бас қосты

Ливия премьер-министрі Файиз әс-Серрадж Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майомен астана Триполиде бас қосты.

Кездесуден кейін Ливия үкіметі тарапынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда премьер-министр Файиз әс-Серрадж бір күндік сапар аясында Ливияға келген италиян министрмен Ливиядағы соңғы оқиғалар және "Екі дос ел арасындағы қарым-қатынастар" жөнінде көзқарас алмастырған.

Мәлімдемеде:

"Екі тарап та саяси процеске қайта оралудың маңыздылығын және Ливияның ішкі істеріне шетелдіктердің килікпеуін атап көрсетті. Еуропа Одағының Ливияға қару кіргізуді тосу мақсатымен атқарған "Ирини операциясы" қолға алынды. Сонымен бірге премьер-министр Файиз әс-Серрадж операцияның құрлық, әуе және теңіз күштерін қамтуын және тұтастықтықтың мәжбүрлік екенін қайталай дәріптеді" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде премьер-министр Файиз әс-Серрадждың елдің шығысындағы заңсыз топ Халифа Хафтер сарбаздары кеткен аймақтардағы мина тұзақтарына тоқталғаны және азаматтардың елді мекендеріндегі миналарды тазалауға берген көмегіне орай Италияға алғыс айтқаны білдірілді.

Кездесуде мұнай алаңдарының жабылуы мәселесі, Жерорта теңізіндегі орынсыз көш тақырыбындағы ұйымшылдықты бекемдеу және жаңа типті коронавирус індетімен күрес те талқыланды. 



Ұқсас жаңалықтар