Әлемде коронавирус

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 477 мыңнан асты.

1442025
Әлемде коронавирус
SPR brasil corona.jpg
Corona_Pakistan.jpg

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 477 мыңнан асты.  Вирус жұқтыру оқиғасы 9 миллион 294 мыңнан асты,  сауығып кеткендер саны 5 миллион 100 мың болды. 

123 мың 316 адам қайтыс болған Америка Құрама Штаттарының кейбір аймақтарында коронавирус жұқтырудың өте артқаны және қауіптің әлі жалғасуда екені білдірілді.  Елде 2 миллион 414 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. 

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны 42 мың 927-ге жетті.  Бір күнде 874 адам вирус жұқтырды.  Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 306 мың 210ға жетті. Премьер-министр Борис Джонсон 4 шілдеден бастап мейрамханалар,  барлар,  шаштараздар, кинотеатрлар, ғибадат орындары, мұражайлар, кітапханалардың қайта ашылатынын білдірді. 

Италияда ковид салдарынан бір күнде 18 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 34 мың 675-ке жетті.  122 адам вирус жұқтырды. 

Францияда эпидемия салдарынан бір күнде 57 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 29 мың 720, вирус жұққан адам саны 198 мың 672 болды. 

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі ковид инфекциясы салдарынан бір аптада 14 адамның қайтыс болғанын, осылайша жалпы өлім-жітімнің 28 мың 325-ке жеткенін білдірді. Министрлік бір күнде 108 адамның вирус жұқтырғанын,  осылайша елде 246 мың 752 адамның вирус жұқтырғанын хабарлады. 

Португалияда болса ковид салдарынан соңғы бір тәулікте алты адам қайтыс болды.  Жалпы өлім-жітім 1 540 болды.  345 оқиға тіркелген елде вирус жұқтырғандардың саны 39 мың 737-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар